Алматыда бұрын сотталған екі адам түнде отбасының пәтеріне кіріп, тонап кеткен

Видеодан скриншот
Алматыда бұрын сотталған екі азамат түнде пәтерге кіріп, бір отбасын тонап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Екі қаскөй үй иесін ұрып-соғып, ақша мен алтындарын ұрлап кеткен. Салдарынан үй иесі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Полицейлер екі адамды тез арада құрықтап, ұрланған заттарды тәркіледі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Талғар ауданының полицейлері 38 жастағы Иван Заниловты іздестіріп жатқаны туралы жазған едік. Ол қарт көршілерін өлтірді деген күдікке ілінді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген