Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда боди-массаж салонымыз деп жұмыс істеген секс-притон анықталды

Алматыдағы салонның атын жамылып, интимдік қызмет көрсетке секс-притон анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы полицейлері интимдік массаж жасайтын салонды анықтады.

Сауықтыру кешені ретінде жұмыс істеген, бірақ іс жүзінде секс-притон болған боди-массаж салоны Таугүл-3 ықшам ауданында орналасқан. Ғимараттың барлық бөлмесі клиенттерді қабылдау үшін жабдықталған. 

“Тексеру барысында “жұмыс орнында” бес қыз бен үйді жалға алушы ұсталды. Олар жеке басын анықтау және біздің жазбалар бойынша тексеру үшін бөлімшеге жеткізілді”, – дейді полиция. 

Ғимаратты жалға алушы К. есімді азаматша жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

“Жезөкшелікпен айналысуға үй-жай берген ғимараттың иесін міндетті түрде анықтаймыз. Бұл да заңға қайшы әрекет”, – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 21 Маусым, 2023 10:48
Талқылау