Алматыда блогер TikTok түсіргені үшін жазаланды
Алматыда блогер полиция формасында билеп, TikTok түсіргені үшін жазаланады. Бұл туралы қалалық полиция бөлімі мәлемдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сюжет бойынша полиция қызметкерінің нысанды киім-кешегін киген жас жігіт жауапкершіліктен жалтару тәсілі ретінде өтіп бара жатқан адамдарды өзімен бірге ТикТок билеуге шақырады.
"Бұл факт бойынша Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі құқық бұзушының жеке басын анықтап, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабымен (Айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану) әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Іс материалдары сотқа жолданғаны белгілі болды.
- "Мәнсіз, ойына келгенін түсіретіндерді қатал түрде жазалау керек": Жастар арасында кең таралған TikTok-қа үлкен буын қалай қарайды?
- Бейбіт Қорғанның әні Үндістандағы TikTok-та хит болды
Сонымен қатар, полиция департаменті ұсынған видеода блогер Қазақстан халқына үндеу тастап, мұндай әрекеттерді қайталамауға кеңес берді.
"Мен Нұртаза Нұрбек, блогермін. Біз полицей формасын киіп видео түсірдік, әкімшілік кодексте мұндай шектеудің бар екенін білмедік. Мен полиция имиджіне нұқсан келтіруді ойлаған емеспін. Заң бұзғанымды мойындаймын", - деді ол.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандықтар TikTok-тегі видеодан кейін теңгелік монеталарды сатып ала бастаған болатын.