Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бетпердесіз жүрген тұрғындарға 83 мың теңге айыппұл салынады

Алматыда бетпердесіз жүргені үшін азаматтарға 83 мың теңге айыппұл салынады. Қалалық қызмет көрсету тауарларының сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мониторинг тобы рейдтер жүргізіп жатыр,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рейдтер 5 шілдеден бастап қоғамдық тамақтану объектілерінде, базарларда, қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде өткізіле бастады. Осы уақыттан бастап бетперде режимін бұзғаны үшін 165 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Әр адамға ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Бұл бапта 30 АЕК - 83 340 теңге айыппұл қарастырылған. Қаладағы автобустарда рейдті бөлек өткізді.

"5 шілдеден 14 шілдеге дейін мониторинг тобы Әуезов және Алатау аудандарында қоғамдық көліктерді тексерді. Қоғамдық көліктерде масса режимін бұзғаны үшін 4 жолаушы жауапкершілікке тартылды, № 102, 115, 48 маршруттарда жолаушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді департаменттегілер.

Мониторингтік топтардың құрамына жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері де кіреді. Олар да рейдтерге қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Полиция мәліметтері бойынша, тәртіп сақшылары қала тұрғындарын "санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы" заң бойынша карантин режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарта алады.

"Тергеу ісі материалдары қызмет көрсету тауарларының сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тапсырылды. Алматы қаласының полиция департаменті азаматтарды өмір мен денсаулықтың қауіпсіздігі мақсатында үйден негізсіз шығудан бас тартуға және карантиндік шараларды, соның ішінде қоғамдық орындарда бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға шақырды", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін маскасыз жүргендер айыппұл төлейді ме деген сұраққа әділет министрі жауап берген еді. 

Талқылау