Алматыда "Байсат" базары 28 миллиард теңгеге сатылымға қойылды
Фото: e-auction.e-qazyna.kz
Алматыда орналасқан "Байсат" көтерме-бөлшек сауда орталығы аукционға қойылды. Оның бастапқы құны 26 миллиард теңгеден аса бағаланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Қайтарылған активтерді басқару компаниясының сайтында хабарланды. Аукцион E-Qazyna порталында өтеді. Саудаға қойылған үлестің бастапқы бағасы — 28 639 882 000 теңге.
Лот сипаттамасында көрсетілгендей, бұл компанияның 100% толық үлесі.
Құжаттарда жазылғандай:
- – Сауда орталығының жарғылық капиталы – 26,3 миллиард теңге,
- – Бағалау кезіндегі табысы – 2,7 миллиард теңге,
- – Таза пайдасы – 1,2 миллиард теңге.
Үміткерлер аукционға қатысу үшін 2 863 988 200 теңге кепілдік жарна төлеуі қажет.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұл сатылымды заң аясында өткізуде. Түсетін қаражат Арнайы мемлекеттік қорға бағытталып, қоғам үшін маңызды әлеуметтік жобаларға жұмсалмақ.
Бұған дейін бұл компания: "Бата", "Беташар", "Сүйіндір" коллекциялық монеталары мен 14 эксклюзивті қолсағатты аукционда 117 миллион теңгеге сатқан.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген