Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда басқарма басшысы ұсталды деген ақпаратқа қатысты BI Group холдингі жауап берді

Желіде Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты BI Group холдингі түсініктеме берді.

басшы

"Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде таратылған хабарламада аталғандай Алматыдағы жайлы қалалық орта департаментінің басшысы мен BI Group бөлімшелерінің бірінің директорының ұсталуына қатысты таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Холдинг сотқа дейінгі тергеу мәселесі бойынша хабарлама алған жоқ. Сонымен қатар, Алматы қаласында модульдік аурухананың құрылысы тұрғысынан көрсетілетін қызметтер бойынша тиісті (растайтын) құжаттар тапсырыс берушіге толық көлемде және уақытында берілгендігін атап өткен жөн", - делінген хабарламада.

Алматы қаласының жұқпалы аурулар ауруханасы науқастарды 2020 жылдың 24 сәуірінде қабылдай бастады, қазіргі уақытта 4 мыңнан астам адам коронавирусты емдеді.

Айта кетейік, желіде Алматының Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тұтқындағаны жайлы ақпарат таралған

Өз кезегінде Алматы әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Талқылау