Алматыда баланы футбол қақпасы басып қалды: Полиция тергеу жүргізуде
Алматы полициясы футбол қақпасы басып қалған баланың ісі қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тергеуді Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау бөлімінің тергеушілері жүргізуде.
"Оқиғаның мән-жайы анықталады. 306-баптың санкциялары 160 АЕК-ке дейін айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын немесе 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуды және ұстау құқығынан айыра отырып, 40 тәулікке қамауға алуды көздейді", - дейді полиция басқармасы.
Еске салсақ, Алматыда бүлдіршіннің үстіне футбол алаңының қақпасы құлады. Ауыр темір құрылғы баланың белінен бастап басып қалған. Салдарынан балақай аурухананың жансақтау бөлімінде жеткізілген.
Талқылау
Пікір
Çàãðóçêà...