Алматыда балаларын алдына алып, көлік жүргізген әйел жазаға тартылды
Алматы полицейлері балаларын алдына алып көлік тізгіндеген әйелді жазаға тартты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті полиция басқармасы Toyota көлігінің рулінде 41 жастағы әйел отырғанын мәлімдеді.
"Кішкентай балаларын ұстап көлік басқарғаны үшін бұл азамат жауап тартылды. Нақтырақ айтсақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлігі "Жолаушылар және жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау" және 593-бап 2-бөлігі "Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамау" бойынша", – делінген хабарламада.
Айыппұлдың жалпы сомасы 10 АЕК немесе 34 500 теңге болған.
"Жүргізушімен мұндай құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін түсіндірме жұмысы жүргізілді", – деп қосты ведомство өкілдері.
Талқылау