Алматыда балалар алаңында қой баққан әйел жазаланды (видео)
Алматылық әйел қаладағы балалар алаңында қой баққаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде балалардың ойын алаңында және абаттандырылған тротуарда жайылып жүрген қойлардың видеосы пайда болды. Бұл жазба Алатау ауданында түсірілгені айтылады.
- Қарағанды облысында малшы ауылдасын атып өлтірді (видео)
- Алматы облысының тұрғындары R.O.I. ұйымы сан соқтырып кетті деп шу шығарды
- Оралда тұтқындар тергеу изоляторының күзетшілерімен төбелесті
Алматы полиция департаменті малдың иесін Алатау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартқанын мәлімдеді.
Талқылау
Пікір