Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда балабақшада бүлдіршінді тұншықтырып, ұрып-соққан тәрбиеші сотталды

балабақша қызметкеріФото: Видеодан скрин

Алматыдағы балабақшалардың бірінде баланы тұншықтырып, ұрып-соққан тәрбиешіге үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Елді дүрліктірген оқиға алты ай бұрын болған. Жеке мекеменің 20 жастағы қызметкері баланы ұрып, аузын жауып, дем алуға мүмкіндік бермеген. Бала босап шықпақ болған, бірақ ол бүлдіршіннің аяғынан ұстап алған. Жағдай кезінде басқа қызметкерлер де бөлмеде болған. Алайда ешбірі көмектеспеген. 

Сотта тәрбиешінің төрт жасар баланы осындай қатыгез әдістермен тыныштандыруға тырысқаны белгілі болды. Бүгін әйел баланың әкесінен кешірім сұрап, көзіне жас алды.

баланы тұншықтырңған тәрбиешіФото: Видеодан скрин

"Бұл оқиға маған сабақ болды. Уәде беремін, енді мұндай жағдай қайталанбайды. Шынымен кешірім сұраймын. Мен қателесіппін. Баланы тыныштандыруға тырыстым. Балаға зиянымды тигізгім келмеді", – деді сотталушы.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұстаз медресені бітіріп, кейін жекеменшік балабақшаға жұмысқа орналасқан. Ол төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Қызға алдағы 10 жыл бойы балалармен жұмыс істеуге тыйым салынды.

"Сот шешімімен келісемін. Өйткені, бұл тек менің балама қатысты емес. Бұл өзгенің баласына қол көтеретін барлық тәрбиешілерге сабақ болады. Менің ойымша, мектепке дейінгі мекемелерде сертификатталған педагогтар жұмыс істеуі керек. Олар күйзеліске қарсы тұру үшін психологиялық тестілеуден өтуі керек", – деді баланың әкесі Абылай Рахатов.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тұншықтырып, ұрып-соққан. Аталған жағдай мекеменің бейнебақылау камерасына түсіп қалғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 16 Тамыз, 2025 09:34
Талқылау