Алматыда автобуста жүкті әйелге орын бермей, балағаттаған шетелдік жазадан құтылып кетті
Алматыда автобус жолаушыларына тіл тигізіп, “көзіңді аш, шошқа” деп айтқан АҚШ азаматы жазасыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Алматыда өткен жазда қоғамдық көлікте жанжал шықты. Бір адам қоғамдық көліктегі екі орындыққа отырып, қасына таңқурай салынған қорап қойды. Куәгерлердің айтуынша, ол жүкті әйелге орын бермей, оны және басқа жолаушыларды балағаттады. Әлеуметтік желіде тараған видео қазақстандықтардың ашу-ызасын тудырды.
Полицейлер сот-филологиялық сараптаманың қорытындысын алғанша, шетелдік азамат елден шығып үлгергенін атап өтті. Ол елге қайтып келсе ғана заң алдында жауап бермек.
Агрессивті шетелдіктің қандай жауапкершілікке тартылатыны хабарланбаған. Айыппұлдың ең жоғары мөлшері – 100 АЕК, бұл шамамен 400 мың теңге.
Еске салсақ, Алматыда автобуста жүкті әйелге орын бермей, балағаттаған шетелдік жұрттың ашуын туғызған еді.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді
Қазақстандық әйел декретке шыққандағы қателігі үшін мемлекетке ақшасының бір бөлігін қайтарған
Мадина: "Ол кезде екі түрлі заң жұмыс істеді, бәрін талапқа сай жасадым"