AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ата-аналардың өтініші бойынша оқушылар қашықтан оқи алады

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы мектеп оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша онлайн оқи алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мектеп

Жандарбек Бекшин өзінің Instagram парақшасында тікелей эфир кезінде мектеп оқушыларының біліміне қатысты соңғы жарлығындағы ойды түсіндірді. Оның айтуынша, мектеп оқушыларының негізгі бөлігі дәстүрлі форматта – санитарлық шараларды сақтай отырып, сыныптарда оқитын болады. Бұл ретте көптеген ата-ананың өтініштері бойынша қашықтықтан оқуға да мүмкіндік берілетін болады. 



"Тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары бар балаларға білім беруді онлайн түрде жалғастыруды ұсындық. Сонымен қатар кейбір ата-аналар дені сау балаларына да қашықтан оқуға мүмкіндік беруін сұрайды. Біз олардан бас тарта алмаймыз, соңғы жарлықта біз мүмкіндік бердік. Ата-ана өтініші бойынша онлайн оқуға болады", – деді Жандарбек Бекшин.

Еске салайық, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысы 16 тамызда қабылданған болатын. Жаңа қаулыға сәйкес демалыс күндері карантин мен объектілердің жұмысына тыйым салу 31 тамызға дейін ұзартылды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр