Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде апатты жарықшамын "рахмет" белгісі ретінде жаққан жүргізушіге айыппұл салынғаны туралы ақпарат тарады

Журналист Михаил Козачков желідегі парақшасында Алматыда апатты жарықшамын "рахмет" белгісі ретінде жаққан көлік жүргізушісі айыппұл арқалағанын жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы полициясы

Telegram-дағы Kozachkov offside арнасында жүргізушінің "аварийка" қосқаны, бірақ оны басқа көлікке "рахмет" белгісі ретінде қолданғаны үшін айыппұл салынғаны туралы видео пайда болды.

Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа түсініктеме берді. Онда жүргізуші авариялық сигналды қосқаны үшін айыппұл салынғаны туралы жазылған.

“Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке жол-көлік оқиғасын туғызғаны үшін тартылған. Полицияға EUTNH порталы арқылы азаматшадан шағым түскен. Шағымда ол Назарбаев даңғылы бойында Мinivan жүргізушісінің оң жақ қатардан сол жаққа ауысуы барысында авариялық жағдай туғызғанын айтқан. Шағымда ол құқықбұзушыға қатысты шаралар қабылдауды сұраған. Тексеру барысында жүргізуші анықталып, жергілікті полиция қызметіне шақырылған. Тексеру кезінде әкімшілік құқық бұзу кодексінің 606-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Авариялық сигналға қатысты жүргізуші инспектордан оның қолдану ережелері туралы сұрағаны рас. Алайда инспектордың жауабы контекстен тыс қиылып, әлеуметтік желіде жарияланған видеода жауапкершілікке тартылудың себебі ретінде қате көрсетілген. Бұл қоғамды шатастырған”, – деп жауап берді Алматы полициясы.

Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желі пайдаланушыларын ақпараттың дұрыс екенін тексермей жатып таратпауға шақырады.

Айта кетейік, апатты жарықшамын автокөлік жүргізушілері алғыс білдіру үшін пайдаланады. Бұл тәжірибе Еуропадан шыққан, онда жүргізушілер көп жылдан бері осылай "рахмет" айтады. Қазақстанда жүргізушілер көбіне авариялық сигналды бір рет қосып, алғыс білдіреді. Бірақ тәжірибелі жүргізушілер көп жағдайда сигналды бірнеше рет пайдаланады. Екі рет сигнал беру – "рахмет", үш рет – "кешірім өтінемін", ал төрт немесе одан көп рет сигнал беру – жүйенің ақауы бар екенін білдіреді. Егер авариялық сигнал жұмыс істемесе, жүргізуші қолымен жоғары көтеріп, алғыс білдіреді.



Еске салайық, бұған дейін қазақстандық бір айда 50 көлікке айыппұл салғызып, 4 жүргізушіні куәлігінен айыруға себеп болғанын жазған едік. Ерінбегенімде айыппұл арқалайтын жүргізушілер саны 300-ге жететін еді деп қосты Руслан. Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Біразы бұл әрекетті азаматтық позиция деп атаса, кейбірі “Мұны не үшін жасайсың? Өзіңнің де ереже бұзып қалатын кездерің болатын шығар?” деп жатыр. Ал Руслан неге ерінбей арыз жазатынын түсіндірді.

Талқылау