Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы уақытта әр курьерге жеке нөмір беріліп, бірыңғай базаға тіркеледі

Алматыда полиция департаменті әр курьерге жеке нөмір беріп, бірыңғай базаға тіркейді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

курьер

Осындай шара қабылдау арқылы полицейлер тәртіп бұзушыларды анықтап, бақылауды күшейтпекші. 

"Біз пилоттық жоба шеңберінде әрі қарай жұмыс берушінің дерекқорында тіркеу үшін курьерлік компанияларға нөмір беріп, бірыңғай ақпараттық қорды курьер және оның жүріп-тұру шарттары туралы мәліметтермен біріктіруді ұсынамыз. "Сергек" кешендерінде мобильді көлік жүргізушілері жіберген бұзушылықтарды тіркейтін жаңа техникалық мүмкіндігі бар", – деді Алматы полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының басшысы Ержан Ұзабаев курьерлік компания өкілдерімен кездесуде. 

Мәліметтерге сәйкес жыл басынан бері оңтүстік астанада мопедтердің қатысуымен 199 жол апаты тіркелген. 198 адам жарақат алса, 1 адам көз жұмған. Ал 2022 жылы мопедтердің қатысуымен 778 апат тіркелсе, 836 адам жарақат алған.

Талқылау