Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда алаяқ өзін жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерімін деп таныстырған

Алматыда алаяқтар өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкеріміз деп таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

2020 жылдың желтоқсанында ер адам өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде көрсете отырып, адам алдау және сенімге қиянат жасау арқылы адамнан ақша алған.

"Алаяқ азамат О.М. Базарбайдан Мамандандырылған сотта қаралған Сүлеймен М-ға қатысты қылмыстық іс бойынша қылмыстық жазаны жеңілдету үшін прокуратура мен Алматы сотының лауазымды тұлғаларына беремін деп, бес миллион теңге ақша алған. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 2021 жылы ақпанда М. Сүлейменді 10 жылға сотталды", - делінген хабарламада.

Күдікті ұсталып, Алматы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған адамның кінәсінің дәрежесі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Талқылау