Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда алапат өрт болды

Алматыда "Атакент" көрме павильоны өртеніп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. 

"Алматыда “Атакент” маңындағы көрме залдарының жанында өрт шықты", - делінген хабарламада .

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бригадасы Бостандық ауданы, Тимирязев көшесі 42 мекенжайы бойынша шақыртуға шыққан. 



"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі келген кезде №9 павильон ашық жалынмен жанып жатты. Өзге ғимараттарға таралу қаупі жоқ", - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала ақпарат бойынша павильон бос тұр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Кейінірек ғимарат қайта жөндеуден өткендігі белгілі болды. Бұрын павильонда Дельфин бассейні болған. Оқиға орнында 17 бірлік техника 50 адам жұмыс істеген. 

Қабылданған шаралардан кейін 17:11-де ауыздықталып, 17:23-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖД жеке құрамынан 50 адам және 17 бірлік техника жұмылдырылды.

 

Талқылау