Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ағаштарды өртеген азаматтың өзі өрт сөндіруші болып шықты

Алматы ормандарында өрт шығарған азамат өрт сөндіру қызметкері болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жанат Отеулиев

"7 қыркүйекте YouTube-тегі "Бәсе" арнасында "Қазақстанды Төтенше жағдайлар министрлігі өртеп жатыр" деген бейнеролик жарияланды. Онда Алматыда өрттерді ұйымдастырған өрт сөндіру қызметінің қызметкері Жанат Өтеулиев екенін көрсетеді. Видеода көрсетілген азамат шынымен де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері екенін хабарлаймыз", –  делінген ақпаратта.

Азаматтың жеке басы анықталды, ол 1983 жылы туған азаматтық қорғау аға өрт сөндіру сержанты Өтеулиев Жанат Ерғалиұлы болып шықты. Азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бері жұмыс істейді.


 


Алматы облысы Жамбыл ауданының ұсталып полиция қызметкерлері Өтеулиевті ұстап, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі және 440-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Тексеру іс-шаралары барысында Утеулиев Ж.Е. қатты масаң күйде болғандықтан, ағаштарды не себепті өртегенін түсіндіріп бере алмады. Қазіргі уақытта қызметтік тергеу ұйымдастырылды",  – деп қосты жауапты мекеме.

Талқылау