Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басымызды иіп тағзым етеміз": Жерде ұйықтап жатқан өрт сөндірушілердің суреті көпшілікті тебірентті

Әлеуметтік желіде жерде ұйықтап жатқан өрт сөндірушілердің суреті пайда болды. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті фото өрт сөндірушілер өңірдегі дала өрттерін ауыздықтап, демалып жатқан кезде түсірілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған сурет Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды.

"Қостанай облысындағы өртті сөндіргеннен кейін демалып жатқан өрт сөндірушілер", – деп жазылған суреттің астында.

Қазақстандықтар суретке ерекше ықыластарын білдірді. 

"Мықтысыңдар, өздеріңе сақ болыңдар", "Жарайсыңдар. Нағыз жігіттер. Өз миссияларын орындады", "Әр күні үйден шыққан сайын аман келетіндері белгісіз, басымызды иіп тағзым етеміз", – деп жазған желі қолданушылары өрт сөндірушілерге алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар, отандастар құтқарушыларға мықты денсаулық тілеп, жалақыларын көтеруді талап етуде.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысын бірнеше күн бойы дала өрті шарпыды. Бір күн бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі елдімекендерге төнген қауіп сейілгенін, енді ашық өрттің жоғын хабарлаған болатын. 

Талқылау