Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 49 жасында мезгілсіз дүниеден өткен Арман Дүйсеновті ақтық сапарға шығарып салды (видео)

Алматыда 49 жасында мезгілсіз дүниеден өткен белгілі сазгер, әнші Арман Дүйсеновті ақтық сапарға шығарып салды. Әншімен қоштасуға туыстары мен өнердегі әріптестерінен бөлек қарапайым халық та көп келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Арман Дуйсенов жаназа

Марқұмның жаназасы қаладағы орталық мешіттен шығарылды. Әншімен қоштасуға 400-ге жуық адам жиналды. Имам жаназа намазын оқып жатқан кезде де адамдар келіп жатты.

Сағат 11:00 белгіленген жаназа намазынан кейін марқұмның денесін көтеріп алып кетті. Арман Дүйсенов қала шетіндегі Кеңсай-2 зиратына жерленді.

Еске салайық, Арман Дүйсеновтің қайтыс болғаны туралы хабар 24 қаңтарда тарады. Әншінің неден қайтыс болғаны белгісіз, кейбір деректерде жүрек талмасынан екені айтылады. Ол 1974 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, продюсер әрі тележүргізуші. Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған. 

Өнер иесінің артында жұбайы мен үш баласы қалды.

Ақберен Амангелді
Сәрсенбі, 25 Қаңтар, 2023 13:17
Талқылау