Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 27-28 маусымда карантиндік демалыс жарияланды

Алматыда 27-28 маусымда карантиндік демалыс жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы карантиндік шектеу шаралары 27 маусымда сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді және 29 маусымда сағат 00.00-ге дейін әрекет етеді.

Көрсетілген кезеңде коронавирустың таралу қаупі жоғары жабық объектілердің қызметі тоқтатылады. Олардың қатарына кіреді:

- "үйдегі дүкендер" форматындағы филиалдардан басқа ірі сауда желілері (азық-түлік, азық-түлік емес)";
-жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес, әмбебап), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері;
-қоғамдық тамақтану объектілері, көше форматындағы ашық ауадағы объектілерді қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты  және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауы керек;
- фитнес-орталықтар.

Базарлар қызметін 29 маусымда, яғни дүйсенбіде жалғастыра алады.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтап, көше форматындағы ашық ауада ғана қызмет етуге рұқсат етілген.

Осы демалыс күндері қоғамдық көліктер де жұмысын тоқтатады.

Жоғарыда аталған объектілерде санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілетінін атап өту керек.

Қарт азаматтарға үйде болуға кеңес берілді.

Полиция қызметкерлері халық көп жиналатын жерлерде енгізілген шектеулерді сақтау үшін қаланы күзетуді күшейтеді.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда да демалыс күндері карантиндік шаралар күшейтіледі.

STAN.KZ
Жұма, 26 Маусым, 2020 16:00
Талқылау