Астанада ұры дүкенге жер бауырлап кіріп, 14 телефон ұрлаған
Астана полицейлері аса қызық жолмен жасалған қылмыстың бетін ашты. Смартфон сататын дүкенді тонау үшін бірнеше рет сотталған 21 жастағы елорда тұрғыны бетперде киіп кірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скриншот
Бейнебақылау камераларына қарағанда, оның ептілігіне көз түседі. Камераға түсіп қалмас үшін қаскөй дүкен терезесіне қарай еңбектеп келген. Сосын терезені ашып, салонға кіріп, сол жерден 14 IPhone телефонын ұрлап кеткен. Шығарда ол қайтадан жер бауырлап кеткен.
Жігіт ұрланған телефонның бәрін сатып жіберіпті.
“Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері шабуылдаушының кім екенін анықтады. Ол бұрын бірнеше рет сотталған 21 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Ол ұрланған гаджеттерді Тараз қаласындағы ломбардқа тапсырып үлгерсе, қалғанын елордадағы адамға сатып жіберген”, – деді Астана қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлмира Шырақметова.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”