Алматыда 200 оқытушыға арналған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша арнайы курс өтті
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен және "Адам және қоғам" үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" бойынша 26-30 қыркүйек аралығында, білікті теологтарды, дінтанушыларды, сарапшыларды, заңгерлер мен саясаттанушыларды тарта отырып, оқытушыларға арналған арнайы курс өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, Алматы қаласының 200-ге жуық жалпы білім беру мекемелері мен колледждердің оқытушыларына арналған 80 сағаттық оқыту курсы ұйымдастырылды.
Оқыту курсы онлайн және оффлайн форматтарда таңғы 10:00-ден кешкі 17:00-ге дейін өтті.
Шараның басты мақсаты жалпы білім беру мекемелері мен колледждердің оқытушыларының дін саласындағы заңнаманы, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік бағдарламаларды, сондай-ақ мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын білу деңгейі мен біліктілігін арттыру болып табылады.
Өз кезегінде, курсқа қатысушылар келесідей тақырыптарды қамтыды: "Діни экстремизм мәселесінің өзектілігі. Елдегі және әлемдегі діни ахуалдың жай-күйі мен серпіні", "Жалпы білім беру мекемелері мен колледждердің оқытушылары діни экстремизм мәселесінің өзектілігі", "Қазақстанда орамал тағу және діни әдебиеттерді тарату", "Террология, ақпараттық соғыс және терроризм, сондай-ақ елдегі және шетелдегі террористік қауіптерді салыстырмалы талдау жасау", "Дінтанушылар мен теологтарды дайындайтын мамандандырылған жоғары зайырлы және діни оқу орындары.
Діни бірегейлік философиялық-діни рефлексияның нысаны ретінде", "Байланыс дағдарысы және халықпен, азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу құралдары.", "Қазіргі мұсылман секталары мен ағымдары, сондай-ақ деструктивті ілімдердің таралу динамикасы мен себептері.", "Елдегі және әлемдегі діни ахуалдың жай-күйі мен серпіні."
Шара соңына қарай қатысушылар курсты тәмәмдап, өз біліктерін көтеріп, 200 мұғалім сертификаттарын алды.
Курстың сапалы өтуі мақсатында ұйымдастырушылар тарапынан дін саласындағы білікті мамандар тартылды.

Қазақстандық қыз күйеу жігітінен қалыңмал алып, артынша полицейге тұрмысқа шығып кеткен
