Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоқыс төгуге шығып, қайта келмеген: Алматыда 16 жастағы жасөспірім із-түссіз жоғалып кетті

Фото: Аида Мұсаеваның желідегі парақшасынан

Алматылық Аида Мұсаева желідегі парақшасында 16 жастағы Айдос есімді оқушысының із-түзсіз жоғалып кеткен жазды. Жасөспірімнің хабарсыз кеткеніне 1 апта болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұғалімінің айтуынша, Айдостың жасы 16-да. Ол Алматыдағы Мамыр-3 ықшамауданында таңғы шамамен 10:54-те үйден қоқыс төгуге шыққан. 

"Бірақ қоқыс жәшігіне жетпеген. Соңғы дерек бейнебақылау камерасы оны автотұрақ маңынан түсіріп алған. Бұл жалғыз ілік. Одан кейін мүлде еш хабар жоқ: не қоңырау, не хабарлама, не із – ештеңе жоқ.

Маңызды мәліметтер:

•    Айдос – менің ұстазымның баласы, әріптесімнің ұлы әрі менің оқушым. Ол Қызылордадан келген, Алматыда ем қабылдап жүрген. 

•    29 шілде күні полицияға ресми түрде арыз жазылды. @lider.kz еріктілері Айдостың жоғалғанын растады. 

Аида Мұсаеваның айтуынша, ешкіммен жанжалдаспаған, ескертусіз кетіп қалатын бала емес. 

"Бұл жағдай қашып кетуге ұқсамайды. Ата-анасының ешқандай қарызы да, отбасылық қиындықтары да жоқ. Құрметті ағайын, егер Айдос туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, дереу хабарласыңыз", – деп жазды Аида Мұсаева.


Телефонды өшіріп, із-түзсіз кеткен: Атырауда 24 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр


Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды


Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында сайлауға дауыс беруге кетіп, із-түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатқанын жазған едік. Еламан Ахмедия ата-анасымен Қарағандыдан 40 шақырымдай жердегі Шахан ауылында тұрады. 22 маусым күні таңертең ол өзінің сайлау учаскесіне барып, дауыс беріп, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 04 Тамыз, 2025 11:51
Талқылау
`