Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны өз еркімен демалыс аймақтарындағы қоқысты тазалап жүр

Алматы қаласының тұрғыны талай жылдан бері туристік орындардағы қоқысты тазалап жүр. Демалушылар қоқысты көп тастайды деп шағымданған тұрғын өзгелерге іспен үлгі көрсетпек. 

Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды. 

Күнделікті полиэтиленді пакет, бөтелке, өзге заттардың қалдығы демалыс аймағын ластайды. Соның салдарынан керемет табиғат аясы қоқыс орнына айналып бара жатқандай.

"Мен отбасыммен демалуға бардым. Айналадағы қоқысты көрдім. Адамдар қоқыстарды тазалап кетуді білмейді. Мен өзім демалатын болған соң қоқысты жинай бастадым. Маған қызым, күйеуім көмектесті. Отбасыммен игі іс жасадық. Табиғатқа, экологияға жаным ашиды. Көп жылдан бері экология мәселесі толғандырып жүр. Бізді көріп кейбір демалушылар да қоқысты тазалай бастады", - деді Сания Әрінова. 

Алматы облысында да екі дос өзен маңайындағы қоқысты тазартып, тұрғындарға өтініш айтты. 

"Өзен біздің үйдің жанынан ағады. Айналасы толған қоқыс. Адамдар келіп, ластап кетеді. Досым екеуміз тазалап жатырмыз. Тұрғындарға өтініш айтамыз, қоқыс тастамаңыздар", - деді олар. 

Әр адам тазалықты өзінен бастауы керек. Егер көшеден қоқыс көрсеңіз, ерінбей қоқыс жәшігіне апарып тастаңыз. Таза экология - денсаулық кепілі. Осылайша келер ұрпаққа үлгі көрсетеміз. 

Талқылау