Алматы тұрғынынан Қызыл кітапқа енген 500-ге жуық киіктің мүйізі тәркіленді
Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді. Полиция қызметкерлері шаһардың Алатау ауданындағы Заря Восток шағын ауданында арнайы іс-шараны жүргізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, ҰҚКБ қызметкерлері жергілікті тұрғынның Қызыл кітапқа енген ақбөкен мүйіздерін сақтап, сататыны туралы жедел ақпаратты тексерген. Дабыл расталған.
- "Олар кейде балағаттап, таныстарын айтып қорқытқысы келеді": Табиғат қорғаушысы броконьерлермен күрес қалай жүргізілетіні жайлы айтты
- Қытайлық кәсіпкерлер БҚО-да ақбөкендерді өсіретін орын ашуды ұсынды
"Күдікті – 42 жастағы Х.есімді азамат. Оның үйін тінту барысында қосалқы бөлмеден 462 дана ақбөкен мүйізі, сондай-ақ белгісіз тұқымды тастар табылды және тәркіленді. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 399-бабы бойынша тіркелді", - делінген ақпаратта.
Тауарды Алматыға жеткізудің мән-жайы мен оны жүзеге асыру шарттары тергеу барысында анықталатын болады.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті