Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны қала әкіміне ағаш кенелерінің үй-үйге кіріп, көбейіп жатқанын айтып шағымданды

Алматы тұрғыны қала әкімі Ерболат Досаевқа ағаштарды өңдеуге байланысты кенелердің үйлерге кіріп жатқанын айтып шағымданды. Айтуынша бұл жәндіктер тіпті 4-5 қабатқа дейін шоғырлануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бостандық ауданының тұрғыны Ерболат Досаевпен кездесу барысында мегаполистегі жәндіктердің көбею жағдайына шағымданды.

"Аулалардағы ағаштарды әктеуді неге қойды? Әктің бактерицидтік әсері жақсырақ. Бізде ағаш кенелері ешқашан болмаған еді. Қазір 4-5-ші қабатқа дейін бір шоғыр кенелер жиналған. Бізге бір шешім қабылдау керек. Сонда түнгі сағат 2-де адамдарға ескертусіз жүргізілетін өңдеуден құтыламыз. Кенелер бұл химиялық дәрілерден өлер, алайда адамдар сонымен демалады ғой”, - деп ашуланды әйел.

Бұған жауап ретінде әкім Досаев 2016 жылдан бастап коммуналдық қызметтердің әктеуден бас тартқанын айтты. Қазір оның орнына басқа химиялық заттар қолданылады. 

"Бір кездері әк ағаштарды емдеудің тиімді әдісі болған. Өкінішке орай, климат қана емес, қаланың бүкіл экожүйесі өзгерді. Ағаштарды толық өңдей алмайтындықтан өсімдіктерді қорғау және карантин институты әктеуді ұсынбайды. Ал 2016 жылдан бастап ағаш өңдеуде әк алынып тасталды. Бүгінгі күні осы мақсаттар үшін биологиялық препараттар қолданылады.

Шілде-тамыз айларында өңдеудің тағы екі кезеңін аяқтаймыз. Ол кесте бойынша түнде өткізіледі.

Өңдеу туралы ескертуге келетін болсақ, азаматтарды ақпараттық хабардар етуді күшейту қажет. Өңдеу уақыты туралы ақпаратты чаттар арқылы жіберуді тапсырамын", - деді қала басшысы.

Алматы әкімдігі биыл жапырақты жейтін зиянкестер мен саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарына қарсы 4 еселік емдеумен 2,3 миллионнан астам ағаш өңделетінін айтты.

"Ол үшін қауіптілігі төмен биологиялық өнім қолданылады. Бұл зиянсыз дәрілер: емдеу қоршаған ортаға, адам денсаулығына, жануарларға, құстарға, жәндіктерге зиян келтірмейді", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Талқылау