Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тауларында заңсыз салынған тағы бір тұрғын үй кешені бұзылады

Алматыда сот шешімімен Khan тұрғын үй кешені бұзылады. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы снос

Басқармадан атап өткендей, Алматы әкімдігі мен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тау бөктерінде заң талаптары мен құрылыс нормаларына сай келмейтін 52 нысанды анықталды. Солардың бірі – Витебская көшесі, 44/3,44 А мекенжайда орналасқан KHAN тұрғын үй кешені.

"Бұл нысанды "Tennis.kz" ЖШС салған, эскиздік жоба келісілмеген, авторлық және техникалық қадағалау, сараптама қорытындысы жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабар бермеген. Тапсырыс берушіге қатысты басқарма ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 462-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ осы жылдың 28 сәуірінде Алматы қалалық мандандырылған ауданаралық экономикалық соты тұрғын үй кешенін сүру жөнінде талап арыз берді", – делінген ақпаратта.



Сот талқылаулары аяқталғаннан кейін 24 қазанда Алматы қалалық сотының қаулысымен нысанды бұзу туралы бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды. Заңсыз салынған нысанды бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі.

Айта кетерлігі, тағы 19 нысан бойынша толық немесе ішінара бұзу, учаскені бастапқы күйіне келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындау туралы сот шешімдері заңды күшіне енді.

Талқылау