Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция банк басшысының көлігінен айна ұрлаған ұрыны ұстады

Алматы полицейлері "Банк ЦентрКредит" АҚ Басқарма төрағасы Ғалым Құсайыновтың автокөлігінен айна ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция айнаның иесіне қайтарылғанын мәлімдеді. 

"28 жастағы ұсталған азаматтың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Алдын ала болжам бойынша, оның есебінде шамамен 20 іс болуы мүмкін. Ер адам негізінен қала орталығында ұрлық жасаған. Бұған дейін бірнеше рет сотталған", – делінген хабарламада. 

Іс ҚР ҚК-нің 188-бабы "бөтеннің мүлкін ұрлау" бойынша тергелуде. 

Бұған дейін Ғалым Құсайынов әлеуметтік желіде ұрылардың көлігінің айналарын ұрлап кеткенін жазған болатын. 

Банкир 23:00 шамасында кешкі астан кейін шығып, үйге барайын деп жатқанда көлігінің бүйір айналары жоқ екенін байқаған. 



"Құрманғазы-Абылайхан көшелерінің қиылысында айналарды шешіп алып кеткен. Бұл Денистің көлігінің айналарын алмақ болған жерден 50 метр қашықтықта орналасқан. Ол оқиғаның қалай аяқталғанын бәріміз ұмытпадық. Осыдан 7 жыл бұрын сол ауданда көлігімнің терезесін сындырып, ноутбугымды алып кеткен.  Мұның бәрі біздің "алтын" шаршы алаңға өте жақын. Шынында да, автомобиль иелері үшін “алтын” орын десек болады. Айналарды қойшы, сақтандыру барлық шығындарды жабады. Өкініштісі, адамдар көз жұмып жатса да, ештеңе өзгермейтінінде. Басында шу шығарды, рейдтер жасады, ұрыларды тапты. Алты ай бойы іс-қимылдар жасалды. Одан кейін бәрі қайтып орнына келді. Қазір полиция ешқандай жүйелік шаралар қабылдап жатқан жоқ", – деп жазды банкир Facebook парақшасында.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 23 Ақпан, 2022 13:45
Талқылау