Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өкінішті": Алматы орталығында ірі банк басшысын тонап кетті

"Банк ЦентрКредит" АҚ Басқарма төрағасы Ғалым Құсайынов әлеуметтік желіде қарақшылардың көлігінің бүйір айналарын ұрлап кеткенін жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Банкир 23:00 шамасында кешкі астан кейін шығып, үйге барайын деп жатқанда көлігінің бүйір айналары жоқ екенін байқаған. 

"Құрманғазы-Абылайхан көшелерінің қиылысында айналарды шешіп алып кеткен. Бұл Денистің көлігінің айналарын алмақ болған жерден 50 метр қашықтықта орналасқан. Ол оқиғаның қалай аяқталғанын бәріміз ұмытпадық. Осыдан 7 жыл бұрын сол ауданда көлігімнің терезесін сындырып, ноутбугымды алып кеткен.  Мұның бәрі біздің "алтын" шаршы алаңға өте жақын. Шынында да, автомобиль иелері үшін “алтын” орын десек болады. Айналарды қойшы, сақтандыру барлық шығындарды жабады. Өкініштісі, адамдар көз жұмып жатса да, ештеңе өзгермейтінінде. Басында шу шығарды, рейдтер жасады, ұрыларды тапты. Алты ай бойы іс-қимылдар жасалды. Одан кейін бәрі қайтып орнына келді. Қазір полиция ешқандай жүйелік шаралар қабылдап жатқан жоқ", – деп жазды банкир Facebook парақшасында.

Ол сондай-ақ патрульдік көліктер өтіп бара жатқанын және олардың ешқайсысы мүлде тоқтамағанын жеткізді.

"Өйткені олар ұрыларды емес, жол ережесін бұзғандарды іздейді. Тіпті, болған қайғылы оқиғадан кейін де бұл аймақта ешқандай камералар қойылмады. Енді орнатылмайтын да сияқты. Бұл пост ешқандай да айна туралы емес, бізге ешқандай нәтиже бермейтін үстіртін жиындарды өткізудің орнына, іс-әрекет пен заңдарды өзгерту керек екенін түсінуге арналған. Көлге тас лақтырсаң су лайланады, бірақ белгілі бір уақыттан кейін бәрі қалпына келеді", – деп түйіндеді Ғалым Құсайынов. 

Талқылау