Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Емханада флюорографияға жазылуға шақырады": Қазақстан полициясы алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтты

Алматы полиция департаменті белгісіз біреулер тұрғындарға “флюорографияға және медициналық тексеруге жазылыңыз” деп хабарлама жіберіп, кейін алаяқтық схемасын жүзеге асыратынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицейлер алаяқтардың бірнеше алдау схемасы барын айтып берді.

“Олар емханадан флюорографияға және медициналық тексеруге жазылуға шақырып жүр. Күні мен уақытын таңдайды да, содан кейін SMS-тен кодпен жазбаны растауды сұрайды. Есептік жазбаға логинді өзгерту үшін SMS мемлекеттік қызметтерден келеді. Жақындарыңызға ескертіңіз”, – делінген хабарламада. 

Мәліметтерге сүйенсек, бұл алаяқтықтың классикалық жағдайы екен.



“Бұл – алаяқтықтың классикалық жағдайы. Ешқашан жеке деректерді немесе SMS кодтарын телефон арқылы жібермеңіз. Әсіресе қоңыраулар кез келген ұйымның қызметкері деп мәлімдеген белгісіз адамдардан болса. Бұл жағдайды дереу құқық қорғау органдарына хабарлап, жақын адамдарыңызға мұндай алаяқтық схемалар туралы ескерткеніңіз дұрыс”, – деді Алматы полициясы.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында жиені ағасының телефонынан 2 миллион теңгесін ұрлап, букмекерлік кеңсенің ұтыс ойынына тігіп жібергенін жаздық. ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Семейде 61 жастағы ағасының жанында тұрған жиені қоңырау шалу үшін одан телефонын сұраған. Кейін PIN-кодын алып, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ мобильді қосымшасына кіріп, сол жерден шотындағы 2 миллион теңгені аударып алған.

Талқылау