Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қалалық және облыстық полиция департаменттеріне жаңа басшылар тағайындалды

Коллаж Stan.kz

Қазақстанда бірқатар қалалық және облыстық полиция департаменттеріне жаңа басшылар тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ішкі істер министрінің президент әкімшілігімен келісе отырып берген бұйрығымен жоспарлы ротация аясында бірқатар кадрлық тағайындалулар жүргізілді. Атап айтқанда: 

Фото: gov.kz/(Айдын Қабдулдинов)

- Алматы қалалық полиция департаментінің жаңа басшысы қызметіне бұған дейін Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментін басқарған Айдын Қабдулдинов тағайындалды. 

Фото: gov.kz/(Айдын Қабдулдинов)

- Ақтөбе облыстық полиция департаментінің басшылығына осыған дейін Ұлытау облыстық полиция департаментін басқарған Қайыркен Әлиев тағайындалды. 

Фото: gov.kz/(Оңал Бекиев)

- бұған дейін ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарған полиция генерал-майоры Оңал Бекиев Атырау облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Фото: gov.kz/(Нұрхат Оразбаев)

- бұған дейін Атырау облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Фото: gov.kz/(Абай Жүсіпов)

- осыған дейін Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі Абай Жүсіпов Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Фото: gov.kz/(Арыстанғани Заппаров)

- бұған дейін Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған генерал-майор Арыстанғани Заппаров Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Сондай-ақ ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің жаңа төрағасы болып полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов тағайындалды. Ал ішкі істер министрлігінің аппарат басшысы қызметіне бұған дейін көліктегі полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев тағайындалды.

Дана Русланқызы
Жұма, 09 Қаңтар, 2026 19:15