Алматы облысының "Үздік мұғалімі" автокөлік алды
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ұстаздар қауымымен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты шарада Баталов облыс педагогтарының жетістіктерін атап өтіп, мемлекет тарапынан білім саласына көрсетіліп жатқан қолдау шараларына тоқталды.
«Жылдың үздік мұғалімі» номинациясының жеңімпазы Ақсу ауданы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Қаймұханов Асыл Қайырбекұлына автокөлік кілті табысталды.
Айта кету керек, білім беру саласын қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда 114 млрд теңгеге артып, 320,9 млрд теңгені құрады.
Ал білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5 миллиард 70 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, бөлінген ауылдардан балаларды тасымалдау үшін 71 автобус сатып алынды, ал облыс аумағында 32 білім беру нысаны, оның ішінде 23 мектеп салынуда.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”