AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тұрғыны укол салдырған соң төсекке таңылып қалған

Алматы облысының тұрғыны укол алғаннан кейін төсекке таңылып қалғанына сенімді. Инъекцияны оған жекеменшік емханалардың бірінде салып берген. Өзінің нашар сезінгенін ер адам бірден сезген, алайда қазір жүріп-тұра алмай қалған. Туыстары кінәлілерді жазалауды сұрап, полицияға арыз жазған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме беріп.

“Мені аяққа тұрғызыңыздаршы, өтінемін. Сіздерге келіп едім, ауру етті”, – дейді ол.

40 жастағы Николай Кулигин көз жасын тыя алмады. Үш апта бұрын ол екі жерде жұмыс істеп, үлкен отбасын қамтамасыз етіп жүрген. Көп балалы әке жеті кәмелетке толмаған баланы асырап отырған еді. Ал енді төсектен тұра алмай, балдаққа байланған. Тексеріс кезінде Николай урологиялық мәселелері бар екенін анықтаған. 

“Дәрігер қабынған простатитімнің бар екенін айтты. Барып варикол алып салдырт дейді. Алып келіп салдырттым. Содан бастап қышыма басталды. Бәрі басылатын шығар деп ойладым. Базарға бара жатқанда жүре алмай тұрып қалдым, тізем тартылып, сүйегім қақсады”, – дейді ол. 

Қазір ер адам тек аруды басатын дәрілермен ғана жүр. Бір ай бұрын ғана Николай Кулигин бақытты, дені сау адам еді. Әлі күнге дейін жағдайды не ушықтырғанын анықтау мүмкін болмай келеді. Алайда туыстары бұл препараттың  дозасы көбейіп кетті деп болжайды. 


Алматыда әйелді тонап кеткен ұры бейнебақылауға түсіп қалған 


Айтуынша, бұл дәрі жануарларға салынады, ал адамдарға салу үшін оны ледокоинмен араластыру қажет. Мұның бәрін қалай жасағаны белгісіз. Ер адамды тұрғылықты мекенжайы бойынша қабылдаудан бас тартуда. 

"Бізде сегіз бала бар, үлкен ұлым 21-де, ол әйелімен бөлек тұрады, қалғандары кішкентай. Үшеуі мектепке барады.
Үйде жөндеу жұмыстары басталды, мұнда батареялар тарту керек, өйткені балалар қыста жаурайды. Енді бәрі бір күнде құртылды”, –дейді жұбайы Нелли Петрова.

Жекеменшік емханадағылар өз қателігін мойындамады, тіпті медициналық көмек беруден бас тартты. 

Николайдың әйелі полицияға арыз жазған. Ол Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне жіберілген. Егер емханада тексеру кезінде заңбұзушылықтар анықталса істі тергеушілер анықтайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр