Алматы облысындағы аурухананың бөлім меңгерушісі тапшы дәрілерді сатып жіберген
Алматы облысы аудандарының біріндегі ауруханада халыққа тапшы дәріні жан сақтау бөлімінің меңгерушісі сатқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы қаласының криминалдық полициясына жедел ақпарат келіп түсті. Осыдан кейін дәрігер Райымбек пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы арнайы іс-шара кезінде ұсталды", - деді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Жеке тексеру барысында севофлуран, цефтриаксон, меобактрин, альбунорм, неоцитотект, октагам, архимакс, меропенем, годовист және пропофол сияқты 90 ампула дәрі алынды.
Сонымен қатар, іздестіру шаралары кезінде дәрігердің бұрын сатылған дәрі-дәрмектерден түскен қаражаты 1 млн 370 мың теңге болғаны анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр