Алматы облысында жүргізуші бір жасар баланы қағып кетті
Алматы облысында жүргізші балабақшаның балаларын тасымалдау кезінде бір жасар бүлдіршінді қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Балабақшадан балаларды тасымалдап келе жатқан Hyundai Starex көлігі Бейбітшілік пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында тоқтап, кішкентай жолаушыларды түсірген. Бір баланың анасы аялдамада тұрған. Ол бір жарым жасар ұлының артынан қалай жүгіріп кеткенін байқамай қалған. Жүргізуші де баланың шыққанын байқамай, жүріп кеткен.
Көлік куәгерлерінің ескертуімен ғана тоқтаған. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем мен полицияны шақырған. Оқиға орнына келген дәрігерлер бір жасар баланың қаза тапқанын айтты. Hyundai Starex көлігінің жүргізушісі де медициналық көмекке жүгінген. Алматы облысының полицейлері қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Талқылау