Алматы облысында жүргізуші әйелді кәмелетке толмаған қыздарымен бірге көлік қағып, өлтірді
Талдықорған іргесіндегі Қарабұлақ ауылында екі баласы бар әйелді "Ауди-80" көлігі қағып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр, онда оқиға 23 сәуірде болғаны көрсетілген. Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады.
Ведомствоның мәліметінше, "Ауди-80" көлігін 19 жастағы азамат басқарған. Қаза тапқан 36 жастағы әйелдің жанында 6 және 1,5 жастағы екі қызы болған.
- Ақтауда 12 жастағы баланы жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті
- Алматыда қызы мен анасын көлік қағып кетті: 9 жастағы мектеп оқушысы оқиға орнында мерт болды
"Оқиға дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Көлік тәркіленіп, арнайы тұраққа орналастырылды", - деп мәлімдеді облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Алматы облысының полиция департаменті ауыр қазаға байланысты қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”