AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туыстары құлдыққа түсті ме деп алаңдап отыр: Алматы облысында ер азамат үш айдан бері табылмай жатыр

Алматы облысында үйден жұмысқа кетіп кейін оралмаған, ізделіп жатқанына үш ай болған 58 жастағы Қанат Беделбаевтың туыстары оны құлдыққа әкетуі мүмкін деп күдіктенуде. Жұбайы соңғы реткүйеуінің бастығына кеткенін, одан кейін оны ешкім көрмегенін айтады. Іздестіру шараларына еріктілер қосылса да, әзірге еш нәтиже жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Жұбайы Күләш күйеуінің Басши ауылында 30 жылдан астам мал дәрігері болып қызмет атқарғанын айтады. Сол күні ер адам ақша да, құжат та алмай, үйінен шығып, жұмыстан сұрану үшін бастығына барған. Одан кейін оны ешкім көрмеген.

“Кинологтар күйеуімнің бастығының үйіне барды. Ит Қанаттың киімін иіскеп, кейін ол бізді қораға апарып, сонда тоқтады. Ары қарай іздеген жоқ. Жоғалғанға дейін үш күн бұрын күйеуім бастығымен телефон арқылы сөйлесіп, ұрысып қалды. Қақтығысқа не себеп болғанын білмеймін. Жұмысқа байланысты шығар”,-деді Күләш.

Туыстары мен достары Кербұлақ өңіріндегі Басшы ауылы мен Жаркентті түгел қараған. Еріктілер Қанатты Талдықорғанан да іздеген. Өйткені ол қызымен бірге бұзақылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан ұлына барғысы келген. Сәйкесінше моральдық зиянды өтеу ретінде жәбірленушілерге ақша беруді де жоспарлаған.



“Өтінемін кенет күйеуімді қалып жатсаңыздар хабарласыңыздаршы. Бұлай жоғалады деп кім ойлаған. Мен оның тірі екенін де білмеймін. Бір қызы Кореяда, ұлы темір тордың ар жағында, үшінші қызы күйеуі мен балаларымен қалада тұрады. Мен қазір жалғызбын, не істерімді білмеймін. Біз қазірдің өзінде көріпкелдерге жүгіндік. Олар маған Қанаттың бір жерде балдақпен жүріп келе жатқанын айтты”,-деп қосты Күләш.

Қанаттың туыстар тіпті оны еңбек құлдығына алып кетті ме деп те күдіктенуде. Өйткені ол мал дәрігері болғандықтан, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жетік меңгерген.

“Әкем бір жерге барса анама үнемі айтып отыратын. Бәлкім бір жерде малды тегін бағып жүрген шығар. Маған әкемнің бастығы әкемнің оған келгенін, сөйлескен соң қақпаны жаппастан кетіп қалғанын айтты. Ал тергеушілерге ол бірге шәй іштік депті”,-деді қызы Айша Қанатова.

Жоғалған азаматты туыстары мен еріктілер Алматыдан іздей бастады. Еріктілер жарнамалар жариялап, адамдардан, автобус жүргізушілері мен такси жүргізушілерінен сұрастырған. Бірақ әзірге нәтиже жоқ.

“Іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Желі арқылы да, жапсырмалар арқылы да толығымен әрекеттер жаслынып жатыр. Өмірде түрлі жағдайлар орын алып жатады. Кейде құжатсыз адамды көлік қағып кетсе, ол мекемелерде белгісіз адам ретінде жатқызылады. Кейді туыстары кей ақпараттарды бізге толығымен айтпауы да мүмкін”,- деді Lider.kz еріктілер тобынан Қуаныш Майлықанов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр