Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ер адамның 6 баласы бар": Алматы облысында түрме қызметкері сотталушыны зорлаған 

Алматы облысы Іле аудандық соты бас бостандығынан айырылған әйелді зорлаған түрме қызметкерін 10 жылға соттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

түрме

Сот материалдарына сәйкес талмыш оқиға 2021 жылдың 10 маусымында болған. 

"Алматы облысы Іле аудандық сотымен ЛА-155/4 мекемесі басшысының кезекші көмекшісі Б. есімді азаматқа үкім шығарылды. Айыпталушыға қызметтік жағдайын пайдаланып, сотталушыны зорлады және қасақана психологиялық азап келтірді (Қылмыстық кодекстің 146-бабы 1-бөлігі) деген айып тағылған", – делінген хабарламада. 

Дегенмен айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Ер адамның 6 баласы бар. 

"Б.-ның кінәсі зардап шегушінің жауабы, дәлелдер мен тергеу, сонымен қатар сот-биологиялық және молекулярлық-генетикалық сараптама негізінде дәлелденді", – деп қосты сот өкілдері. 

Нәтижесінде мекеме қызметкері 10 жылға сотталды. Сондай-ақ барлық шенінен айырылды және белгілі қызметтерді 3 жыл атқара алмайды. 

Талқылау