Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Toyota Camry көліктерін айдап әкетумен айналысып жүрген азаматтарды қолға түсірді

Алматы облысында арнайы жасақ жауынгерлері Toyota Camry айдап әкетумен айналысып жүрген азаматтарды қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда жаппай Toyota Camry маркалы көліктерінің ұрлануы жайлы ПД сөз қозғады

Баспасөз-хабарламасына сәйкес, ұрылар тобы 26-42 жастағы төрт ер азаматтан құралған. Олардың барлығы Алматы мен Алматы облысының тұрғындары көрінеді. Қолға түскен ер азаматтардың бірі осымен сегіз рет көлік ұрлаған үшін жауапкершілікке тартылған. Тағы біреуі зорлық әрекеті, ұрлық және адамға қарсы зардап келтіргені үшін бірнеше рет сотталған. 

"Қылмыстық топ Алматыда, Қапшағай және Іле аудандарында бірнеше рет Toyota Camry 50 және 55 көліктерін ұрлады деген күдікке ілінді. Қазіргі кезде олардың мойындарына тек үш қылмыстық іс тіркелді. Ұрланған көліктердің бірі Жамбыл облысында көлікжайдан табылып, иесіне қайтарылған. Тағы екі көлік әлі де іздестірілуде", - деп мәлімдеді жергілікті криминалды полиция басшысының орынбасары Дәурен Сәкенов. 

Ұсталған азаматтардың барлығы абақтыға қамалған. 

"Ұсталған азаматтардың барлығы осыған ұқсас Алматыда және Алматы облысында орын алған жағдайларға байланысты тексеріледі. Олар көліктердің қауіпсіздік жүйесін арнайы электронды құралдың көмегімен істен шығарып отырған. Облыстық департамент істі өз қадағалауларына алды", - деді полиция қызметкерлері. 

Бұған дейін Алматыда жаппай Toyota Camry маркалы көліктерінің ұрлануы жайлы полиция сөз қозғаған еді.


 

Талқылау