Алматы облысында Шымкент басқарма басшысының орынбасары жол апатынан қаза тапты
Алматы облысындағы тас жолда Шымкент қалалық басқармасы басшысының орынбасары жол апатына ұшырап, қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Elitar.kz Instagram-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Абдуқадіров Lexus LX 470 көлігінің рөлге ие бола алмай, жүк көлігіне соғылып, сол жерде жан тапсырған.
Жол апаты 18 желтоқсан күні сағат 8:00-де Беріктас ауылынан 3 шақырым жерде Алматы-Бішкек тас жолында болған. Ол айналма жолға шығып, қарсы жолаққа шығып кетіп, қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан айналма жолдан шығып бара жатқан VOLVO FN 420 жүк көлігімен соқтығысқан.
Төрт адамнан тұратын отбасы, оның ішінде 8, 5 және 2 жастағы балалары түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Жүк көлігі жүргізушісінің жағдайы белгісіз.
Ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”