Алматы облысындағы шекара заставасында өрт шығып, әскери қызметкер мен баласы қаза тапты
Фото: Stan.kz / gemini көмегімен жасалған
Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасында өрт шығып, әскери қызметкер мен баласы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
6 желтоқсанда Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Өрт төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметкер мен оның баласы қаза тапты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
Астанада ірі өрт шығып, автокөліктер мен қонақүйге жайылды (видео)
Түркістандағы 12 адамның қазасы: Өрттен аман қалған 7 жасар қыз қайтыс болды
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 12 адам қаза тапқан өрттің алдын ала себебі ретінде электр ұзартқышындағы ақау болғаны айтылған еді. 18 қарашада таңертең Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында екі қабатты үй өртеніп, 12 адам қаза тапқан еді. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев оқиға орнынан өртті қасақана шығару немесе басқа қылмыстық ниет белгілері анықталмағанын мәлімдеді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік