Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Тұрғын-үй компаниясына 900 миллион теңгедан аса ақша салған Қаскелең тұрғындары үйсіз қалды

Фото: ҚМА кадрларынан

Алматы облысында лицензиясы жоқ ЖШС рұқсатсыз құрылыс салып, 100-ден аса адамнан 972 миллион теңге жинап, алдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, компания Қаскелең қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен айналысқан. Аса ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша тергеу аяқталды. 

“Тергеу кезінде "Tоредо" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары 2021-2023 жылдары лицензиясыз, қажет құжаттарсыз және жобалық-сметалық құжаттамасыз рұқсатсыз құрылыс саласында жұмыс істеген.

Олар "НOME", "НOME Южный", "НOME SAU", "НOME МAK" тұрғын үй кешендерін әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнамалаған. Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының міндетті кепілдігі болмағанына қарамастан, олар жарнама арқылы 100-ден астам азаматтан 972 миллион теңге жинаған.

Сонымен қатар құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмей, белгіленген мерзімде аяқталмаған. Бұл жағдай үлескерлердің жаппай құқық қорғау органдарына жүгінуіне себеп болды”, – делінген хабарламада.



Сот санкциясымен күдіктілердің 240 миллион теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 12 жер телімі, 9 автокөлік, аяқталмаған үш қабатты ғимарат және жеке тұрғын үй бар.

Қазір күдіктілер қамауда. Іс сотқа жіберілген.

STAN.KZ
Сейсенбі, 29 Сәуір, 2025 15:01
Талқылау