Алматы облысында құлаған дельтаплан: 24 жастағы бойжеткен зардап шекті
Алматы-Қапшағай тасжолында дельтапланның құлауынан бойжеткен зардап шекті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметі мәлім етті.
"31 мамыр кешкі тоғыздар шамасында Алматы-Өскемен тас жолының 82-ші шақырымында, яғни, Бақанас ауылының маңында екі кісілік дельтапланның құлағаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Ұшу құралы - жекеменшік. 1996 жылғы азаматша зардап шегіп, Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді", - делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде тоқ сымдарына ілініп, артынша Алматы-Қапшағай тас жолдың үстіне құлаған дельтаплан жайлы айтылған еді. Ресми деректерге сәйкес, оқиға шын мәнінде Алматы-Өскемен тас жолында орын алған.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ