Алматы облысында күзетші мониторингтік топтың тексерушілерін қорқытып, оқ атқан
Қапшағай қаласында казино күзетшісі тексеру кезінде атыс ұйымдастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полицияның мәліметінше, оқиға 18 сәуірде сағат 23:00 шамасында болған.
"Күзетші мониторингтік топтың жұмысына қарсылық көрсетті. Ол атыс қаруынан ауаға бір оқ атқан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ер адам оқиға орнында ұсталып, қару тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді, - деді ведомствода.
Қылмыстық Кодекстің "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті Қапшағай полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Талқылау

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
Жағажайда ауыз су, желі мен санитарлық жағдай жоқ

"Бір нүктеде қатып қалды": Аспанда "тоқтап тұрған" ұшақтың видеосы қызу талқылануда
Желі пайдаланушылары: "Құлап кете ме деп қатты қорықтым”