Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында кішкентай бала кәріз құдығына құлап, мерт болды

Алматы облысында кішкентай бала кәріз құдығына құлап мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баланы құтқару мүмкін болмаған. Бұл туралы Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Оқиға 21 мамырдан 22 мамырға қараған түні Кеген ауылында болған. Жеке тұрғын үйдің ауласында ойнап жүрген 2020 жылы туылған баланың біраз уақыт қараусыз қалып, кәріз құдығына түсіп кеткені белгілі болды.

"Бала есін жимастан көз жұмды. Облыстың төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан мұқият болуды және балаларды, әсіресе кәмелетке толмағандарды ересектердің қарауынсыз қалдырмауын сұрайды ", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осыған дейін Ақтауда оқушы кәріз құдығына құлап, екі аяғын күйдіргені туралы жазған болатынбыз.


Кәріздегі жанып жатқан судың видеосы қостанайлықтарды шошытты

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 25 Мамыр, 2021 19:49
Талқылау