Алматы облысында келінін қорғамақ болған атасы туған ұлын өлтіріп қойды
Алматы облысында ұлын өлтірді деп айыпталған 69 жастағы зейнеткер қамауға алынды. Полицейлердің мәліметінше, Қаратал ауданында отбасылық қайғылы оқиға болды.
7 мамырда Дойыншы ауылындағы жеке үйлердің бірінен 42 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Ер адамды пышақтап өлтірген. 69 жастағы зейнеткер қылмыс жасады деп күдіктелуде. Ер адам кісі өлтіргенін мойындағаны нақтыланып отыр.
Қарияның айтуынша, ол ұлының үйіне отбасы мәселелерін талқылауға келген. Әкесі келгенде ұлы мен келіні жандалдасып қалған.
"Ол жанжал туындаған кезде келінін қорғағанын айтады. Осы кезде ұлы мас күйінде әкесіне жұдырық ала жүгірген. Ал ашуға булыққан әкесі асүй пышағымен жарақат салған", - дейді Қаратал ауданының полиция басшысы Рауан Әбдірайымов.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама мамандары қылмыстық қаруды оқиға орнынан тапты. Қару тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркеді.
Ақмола облысында он екі күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам орманнан табылды

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
