Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен медицина мекемелері салынып жатыр

Медициналық мекеме novate.ruФото: novate.ru

Алматы облысының Ұйғыр ауданында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен жаңа медициналық нысандардың құрылысы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Алматы облысының прокуратура органдары мемлекетке қайтарылған қаржыны әлеуметтік нысандар салуға бағыттады", – делінген хабарламада.

Құрылыс жұмыстары Кіші диқан, Диірмен, Ават, Дардамты және Шырын ауылдарында жүргізеді. Бас прокуратураның мәліметінше, аталған ауылдарда үш дәрігерлік амбулатория мен екі фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр. 

"Бұл жобалар ауыл тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған. Жобаларды жүзеге асыру 10 мыңнан астам ауыл тұрғынының медициналық қызметтерге қолжетімділігін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті бас прокуратура.


Van Cleef алқасы, DE BEERS сырғасы бар: Тәркіленген зергерлік бұйымдар үлкен жеңілдікпен қайта аукционға шығарылмақ


Қарағанды облысының ауылдарында жас дәрігерлерді жұмысқа қабылдап, оларға жағдай жасалады


Еске салайық, бұған дейін қайтарылған активтердің 1,4 миллиард теңгесіне Ақтөбе облысында медициналық мекемелер салынатынын жаздық. Қаражат 11 нысанның, атап айтқанда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына бағытталды. 

Айым Атамбаева
Сенбі, 12 Шілде, 2025 16:05
Талқылау