Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қатты сел жүрді: Куәгерлер оқиғаның видеосын жариялады

Алматы облысының Панфилов ауданында қуатты сел жүрді. Оқиға сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алды. 

"Сұмдық көрініс", "Бұл жыл сайын болады, таңғалатын жайт емес", "Неге дүрбелең саласыздар, бастысы - адамдар тірі және сау, бұл табиғи құбылыс", - деп жазады олар түсініктемелерде.

Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

9 маусымда Жетісу Алатау жотасының оңтүстік беткейінің орта таулы бөлігінде сел тасқыны жүрді. Бұған қатты жауын-шашын себеп болды. Өңірде жаңбыр мен бұршақ жауды.

Лас су ағындары Ақжазық ауылының маңындағы жолға қарай ағылды. Енді автомобильдер жол бойымен штаттық режимде өтеді. Су тасқыны елді мекендерге қауіп төндірмейді, деп хабарлады ТЖД.

Төтенше жағдайлар департаменті облыста дауылды ескерту жарияланып, таулы және тау бөктері аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін деп ескертті.

Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, 1 адам із-түзсіз жоғалғаны, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын. Шарындағы селден аман қалған қыз қалай құтқарылғанын айтып берді.

Оқиға куәгерлері Шарын қаласында байланыс болмағанын, сондықтан құтқарушылармен байланысуға ешқандай мүмкіндік болмағанын айтты. Төтенше жағдайлар министрлігі таулы аймақта осындай проблемалар бар екенін растады.

 

Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 10 Маусым, 2021 17:16
Талқылау