Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көршілерін өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген қазақстандықты серуенге шыққан тұрғын ұстап алды

күдіктіні ұстап алған

Видеодан скриншот

Алматы облысында жергілікті тұрғын екі қарияны өлтірді деген күдікпен іздеуде болған адамды өз бетінше ұстап алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

14 тамызда жергілікті тұрғын екі қарияны өлтіріп, мүлкін ұрлаған күдікті Иван Заниловты ұстап, видеоға түсірген. Ол күдіктіні полиция бөлімшесіне өткізетінін айтты.

"Жарайды, мен оны ұстадым. Енді оны не істеймін — көміп, сосын өзім түрмеге қамалайын ба, не істейін? Адамдар бағасын берсін. Егер мен оны қазір жіберсем, ол тағы бірнеше зейнеткерді, біреудің ата-әжесін өлтіреді", – деді ер адам.


Жамбыл облысындағы атыс: Алматының екі тұрғынына іздеу жарияланды


Тергеу деректері бойынша, Занилов Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов елді мекенінде қарт ерлі-зайыптыны тонап, кейін қарт адамдарды өлтіріп, үйлерін өртеп жіберген. Осы себепті оны құқық қорғау органдары іздеуге жариялады.

79 жастағы Вячеслав Владимирович Синицын көптеген пышақ жарақаттарын алды, 76 жастағы Надежда Дмитриевна Синицынаның мәйіті көгерген және мойнында арқан бар.

Еске салсақ, Алматы облысында қарт көршілерін өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатқаны айтылды. 

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 14 Тамыз, 2025 15:50
Талқылау