Алматы облысында қарт көршілерін өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр
Фото: t.me/halyqstan
Алматы облысы Талғар ауданының полицейлері 38 жастағы Иван Заниловты іздестіріп жатыр. Ол қарт көршілерін өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
5 тамыз сағат 11:00 шамасында Талғар ауданының полиция бөліміне "101" қызметіне Панфилово ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы қоңырау түсті. Өрт болған жерден екі мәйіт табылды. Бірақ өлімге өрт себеп болған жоқ, күдікті осылайша адам өлтіргенін жасыруға тырысқан болуы мүмкін.
Ғимарат ішінен қан іздері табылды. 79 жастағы ер адамда бірнеше рет пышақ жарақатымен және тұншығу белгілері бар. 76 жастағы әйелдің мойнында көгерген жерлер мен арқан табылды.
Полицияның мәлімдеуінше, Иван Занилов қылмыс болған көшеде тұрады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған.
Күдіктіні іздестіру барысында Талғар ауданының полиция қызметкерлері жеке құрамға бағыт-бағдар беріп, қызметкерлерге қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті, себебі ұсталған жағдайда Занилов белсенді түрде қарсылық көрсетуі мүмкін.

"Мықты еркек қана көп әйел ала алады": Тоқал болуға келіскен қазақстандық өмірінен сыр шертті
